Профи-бокс
31 мамыр 2022 14:28
 
Де Ла Хойя "Канелоның" Биволға қарсы жекпе-жегін қателік деп атады

  Пікірлер

blog.share

Де Ла Хойя "Канелоның" Биволға қарсы жекпе-жегін қателік деп атады ©Reuters

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя жартылай ауыр салмақта WBA чемпионы Дмитрий Биволдың (20-0, 11 KO) мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (57-2-2, 39 КО) жеңгені күтпеген нәтиже емес екендігін мәлімдеді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

"Мен шыныда Бивол "Канелоны" жеңеді деп ойладым. Бокста ешқашан мықты кішкентай боксшы үлкен мықты боксшыны жеңе алмайды. Бұл жай ғана ойынның ережесі. Биволдың күші тым көп болды. Ол аяқпен де жақсы қимылдады. Сонымен қатар, оның IQ-і де жақсы. Осылайша, ол "Канелоны" қапыда қалдырды. Әсіресе мексикалық соққыларын тигізе алмаған кезде, қатты ашуланды. 

Бокста стильдер ерекше рөл атқарады. Егер мен "Канелоның" промоутері болғанда, Биволға қарсы кездесуге ешқашан келіспейтін едім. Дмитрийді ешкім білмеді. Осыған дейін Бивол кім болды? Енді ол "Канелоны" жеңген жұлдыз атанды", - деді Де Ла Хойя. 

Еске салайық, 8 мамыр күні Бивол төрешілердің шешімі бойынша Альваресті жеңді. Қазіргі уақытта ресейлік боксшының келесі қарсыласы кім болатыны айтылды. Ал Альварес келесі жекпе-жегін қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!