2018 жылы наурызда Хирн DAZN стриминг сервисімен сегізжылдық келісімшарт жасасқан, ал биыл бұл сервиске Головкин де қосылған.
"Хирннің мәліметі бойынша, Головкин рингке 5 қазанда Лос-Анджелесте оралуы мүмкін", - деп жазды Бенсон.
Естеріңізге салсақ, Головкин соңғы жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йоркте канадалық Стив Роллсқа қарсы өткізіп, нокаутпен жеңіске жеткен. Бұл қазақстандық боксшының DAZN-мен келісімшарты аясындағы алты жекпе-жектің алғашқысы және жаңа бапкер Джонатан Бэнкстің қол астындағы дебюті болған еді.
Сол кездесуден кейін Головкин мексикалық Сауль Альваресті жекпе-жекке шақырған. Алайда WBC (Franchise), WBA (Super) және IBF чемпионы қазақстандықпен биыл кездескісі келмейтінін білдірген.
Айта кетейік, Головкин өз карьерасында Лос-Анджелесте жұдырықтасып көрген жоқ, бірақ оның маңындағы қалашықтар - Карсон мен Инглвудте төрт жекпе-жек өткізген.