DAZN "Канелоның" келесі қарсыласы ретінде Головкинді ұсынды

Геннадий Головкин. Сурет: DAZN©

DAZN стримингтік сервисі британдық Каллум Смитті (27-1, 19 КО) жеңген мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (54-1-2, 36 КО) қарсыласы болуға бірнеше боксшыны ұсынды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

DAZN  қарсыластардың ішінде қазақстандық Геннадий Головкинді (41-1-1, 36 КО) ұсынды. Бұл екі боксшы осыған дейін екі рет кездескен болатын. 2017 жылдың күзінде жекпе-жек тең аяқталса, бір жылдан кейін "Канело" жеңіске жетті. 



"Канело" Смитті жеңгеннен кейін кез-келген қарсыласпен кездесуге дайын екенін мәлімдеді. Оның ішінде қазақстандық боксшымен де. 

Айта кетейік, Головкин екі күн бұрын польшалық боксшы Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) жеңіп, екі бірдей чемпиондық белбеуін сақтап қалды. 





 

Метки:
Жаңалықтар