DAZN стимингтік компаниясының басшылары орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) сыйақысын қысқартуды көздеп отыр.
The Athletic инсайдері Майк Коппинджер ақпараты бойынша, DAZN басшылары мексикалық кәсіпқой бокс жұлдызы Сауль "Канело" Альварестің алдағы жекпе-жегі үшін сыйақысын 50 пайызға қысқартайын деп жатыр екен. Еске салайық, "Канелоның" командасы келесі кездесудегі қарсыласы түрік боксшысы Авни Йылдырым (21-2, 12 КО) болатынын хабарлады. Бұл кездесу 12 қыркүйеккке жоспарланған. Бірақ DAZN басшылары түрік боксшысын әлі ресми қарсылас ретінде бекіткен жоқ.
Инсайдердің ақпараты бойынша, компания Головкиннің де сыйақысын қысқартуға ниетті. Отандасымыз кездесуін қазан айында Камиль Шереметаға қарсы өткізуі керек.
DAZN басышалары сыйақылардың қысқартылуларын коронавирус пандемиясымен байланыстырып отыр. Бұл індетке байланысты компанияның жоспарлаған бірнеше мықты шоулары өтпей қалып, біршама қаржылық қиындықтарға тап болды. Бірақ, екі боксшы да сыйақыларын қысқартуға әзірге келісім бермей отыр.