DAZN стримингтік сервисі мексикалық Сауль "Канело" Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесуді ақылы түрде қанша жанкүйердің тамашалағаны туралы ақпаратпен бөлісті, деп жазады vRINGe.com порталы.
Платформа хабарлаған ақпарат бойынша, бұл айқасты милллионнан астам жанкүйер ақылы (PPV) түрде көрген.
Еске салайық, бұл кездесу Лас-Вегас қаласында өтіп, төрешілердің шешімі бойынша "Канело" жеңіске жеткен болатын.