DAZN стримингтік сервисі өз көрермердерінен 2022 жылы қатты көргісі келетін жекпе-жектерге қатысты сауалнама ұйымдастырды. Жанкүйерлер биыл Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) айқасын көргісі келетінін айтқан, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Көрермендер Головкиннен бөлек орта салмақта өнер көрсететін Джермалл Чарло (32-0, 22 КО), Хайме Мунгия (38-0, 30 КО), Деметриус Андраде (31-0, 19 KO), Габриэль Росадо (26-14-1, 15 KO), Риота Мурата (16-2, 13 КО), Крис Юбенк (31-2, 23 КО) және Сергей Деревянченко (13-4, 10 КО) секілді боксшылардың жекпе-жегін көргісі келеді екен.
Еске салайық, Головкин соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылдың желтоқсанында шығып, польшалық Камиль Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутпен жеңді. Бұл кездесуде отандасымыз 21 рет чемпиондық белбеуін қорғап қалды.
Енді Головкин ақпан немесе күз айларының бірінші орта салмақтағы WBA белбеуінің иегері жапониялық Риота Муратамен кездесу өткізуі керек.