Дайын бол! Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап қатты

©

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 18 КО) әлеуметтік желі арқылы WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие доминикандық Карлос Адамеске үндеу жасады, деп хабарлайды Vesti.kz

Доминикандық боксшы осыған дейін Жәнібекті жұдырықтасуға шақырған. Ал отандасымыз бұл жекпе-жек жайлы ойлануда. 

Менімен жұдырықтасқың келетінін естігенде таң қалдым. Сен чемпион болмасаң да, танымал болмасаң да, сенде батылдық бар екен. Мен мұны құрметтеймін! Сенімен қуана-қуана жұдырықтасамын. Бұл жекпе-жек маған спаррингтен де жеңіл болады! Дайын бол! - деп жазды отандасымыз. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта WBO тұжырымы бойынша чемпиондық атаққа ие. 2022 жылдың қараша айында британдық Дензел Бентлимен (17-2-1, 14 КО) қарсы жекпе-жекте өз атағын сәтті қорғады. 

Карлос Адамес өткен жылдың қазан айында мексикалық Хуан Масиас Монтиэльді жеңіп, орта салмақта WBC уақытша чемпиондық атағына қол жеткізген еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар