Кәсіпқой боксшы Дәурен Елеусінов (11-2-1, 10 КО) Ыстанбұлда өткен бокс кешінде жеңіліс тапты. Ол танзаниялық боксшы Пиус Мпендаға (8-1, 4 КО) төрешілер шешімі бойынша жол беріп, WBC PEACE чемпиондық атағын иелене алмады.
Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек жоспарланған 10 раунд бойы өтті. Шаршы алаңдағы айқас қорытындысы бойынша төрешілер қарсыласын жеңімпаз деп таныды.
Пиус Мпенда кәсіпқой мансабындағы 9-шы жеңісіне қол жеткізсе, Дәурен Елеусінов 3-ші рет жеңілістің кермек дәмін татып отыр.
Дәурен биыл тағы бір жекпе-жек өткізген. Наурыз айында Дәурен өзбек боксшысы Бахром Паязовты (22-22, 15 КО) екінші раундта нокаутпен жеңген болатын.