Айта кетейік, бұл кездесуде WBC International белбеуі сарапқа салынады.
Кездесу 22 тамыз күні Мехикода өтеді. Негізі кездесу 16 тамыз күні Мексиканың Гвадалахара қаласында өтуі керек еді. Боксшылар ол кезде де салмақ өлшеуден өткен. Бірақ ол кезде адам көп жиналып кетуіне байланысты айқасты кейінге қалдырды.
Бұл 34 жастағы Елеусінов үшін Мексика жеріндегі екінші жекпе-жегі болады. Ол 2019 жылдың ақпан айында бұл елде бір кездесу өткізген. Жалпы Дәурен кәсіпқой боксқа 2014 жылы ауыстырып, тоғыз кездесу өткізіп үлгерген.
Ал 30 жастағы Рэйгоса болса 2010 жылдан бері кәсіпқой бокста өнер көрсетіп келеі.