Дәурен Елеусінов бірінші раундта нокаутпен жеңіліп қалды

©Сурет боксшының әлеуметтік желісінен алынды

Қазақстандық Дәурен Елеусінов кәсіпқой бокста екінші рет жеңіліс тапты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

36 жастағы отандасымыз жекпе-жегін Бруклиндегі (Нью-Йорк, АҚШ) Barclays Center спорт кешенінде өткізді. Оның қарсыласы 26 жастағы америкалық Джуниор Юнан болды. 

Суперорта салмақтағы айқас он раундқа жоспарланған болатын. Бірақ, бірінші раунда төреші кездесуді тоқтатты. Елеусінов қарсыласынан көп соққы өткізіп, техникалық нокаутпен жеңілді. 

Осылайша, қазақстандық кәсіпқой бокстағы карьерасында екінші мәрте жеңілді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар