Профи-бокс
19 қазан 2017 16:35
 
Даңқты ирландиялық боксшы Жақиянов пен Барнетт кездесуіне болжам жасады

  Пікірлер

blog.share

Даңқты ирландиялық боксшы Жақиянов пен Барнетт кездесуіне болжам жасады Стивен Коллинз (сол жақта). Сурет: tofight.ru

Екі салмақ бойынша әлемнің бұрынғы чемпионы ирландиялық Стивен Коллинз (36-3, 21 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне берген сұқбатында жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) пен британдық боксшы Райан Барнетт (17-0, 9 КО) арасында өтетін кездесуге байланысты болжам жасады. 

"Барнетт - өте талантты боксшы. Ол әлі жас. Братинаияның үздік боксшыларының бірі болуына барлық мүмкіндігі бар. Жылдам әрі соққылары мықты. Соңғы кездесуінде ол Хаскинске ешқандай мүмкіндік бермеді. Райанда чемпионның рухы мен үнемі алға жетелеп тұратын арманы бар. Бір-екі жылдың ішінде өз салмағының үздігі атануы ықтимал. Бірінші қадам жасалды. Енді Жақияновтан WBA белбеуін жеңіп алуы керек. Барнеттің бұл сынақтан сүрінбей өтетініне сенімдімін. Менің ойымша, ол тоғызыншы не оныншы раундта нокаутпен жеңіске жетеді", - дейді Коллинз. 

53 жастағы Коллинз 1986 жыл мен 1997 жылдар аралығында жұдырықтасып, орта салмақта және екінші орта салмақта WBO белбеулерін иеленген. 

Айта кетейік, Жақиянов пен Барнетт арасындағы кездесу 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфест қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

АҚШ жерінде бұл кездесуді НВО арнасы көрсетеді. Бұл жекпе-жекті Қазақстанда QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кеші 21 қазан күні 00:30-да басталады. Кештің басты жекпе-жегінде жұдырықтасатын Жақиянов пен Барнеттің шаршы алаңға Астана уақыты бойынша 03:45-те шығады. 

Жарнама

Живи спортом!