Даңқ залына енген бапкер Альварестің жеңісі мексикалық бокс үшін "ұлы" болатынын айтады
© efe.com
Әйгілі бапкер, Халықаралық бокс даңқы залының мүшесі Начо Беристайн отандасы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) пен қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) арасындағы қармтада жеңіске кім жететінін туралы ойын айтты.
"Бұл өте қызықты жекпе-жек, алғашқысына қарағанда әсерлі болмақ. Көпшілік "Канело" жаңа жағдайға жақсы икемделетінін айтады, Головкин де олай ете алатынын айтқым келеді. Головкин - әдемі жұдырықтасатын боксшы емес, алайда, нәтижелі. Ал "Канело" өте әдемі жұдырықтаса алады, бірақ, нәтижелі емес.
Мен әлі де Головкиннің "құрғақ" боксы мен ауыр соққылары оған артықшылық береді деп ойлаймын. Ал "Канело" жеңгісі келсе, онда жалғыз амал - мінсіз жұдырықтасу, олай болмаса, GGG жеңіске жетеді", - дейді Беристайн ESPN Deportes тілшісімен сұхбатында.
Бапкер боксшы қартайса да, соққысының күші қалатынын атап өтті. Оның айтуынша, "Канелоға" жеңіске жететінін айтып асығудың қажеті жоқ. Ал егер Альварес амалын тауып, Головкинді жесе, мұны мойындау керек болады.
"Канело" бұл істі атқара алса, бұл мексикалық бокс үшін тамаша оқиға және Хуан Мануэль Маркес Мэнни Пакьяоны нокаутқа түсіргеннен бергі ұлы жеңіс болмақ. Ал мен ерлік деп есептейтін боламын. Жеңімпаз әділ жекпе-жекте анықталады деген үміттемін", - дейді Беристайн.
Еске салайық, Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі былтыр 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile арнеаында өтіп, тең аяқталған.

Жарнама