Даниярды екі жылда әлем чемпионы етіп шығарамын - промутер
MJA Entertainment's промоутерлік компаниясының басшысы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың промоутері Майк Алтамура Даниярдың әуесқой бокстан кетіп кәсіпқой бокстағы мансабын сәтті бастайтынына сенімді, - деп хабарлайды Fighnews.com

"Менің ойымша, кәсіпқой бокстағы Қазақстанның нарығы әлі толық игерілмеген. Бұл елде әлі де болса талантты боксшылар өте көп. Егер статистикаға қарайтын болсақ, кәсіпқой боксқа ауысып жатқан қазақстандық спортшылардың жерге қарап қалғанын байқамайсыз. Барлығы да сәтті өнер көрсетіп жүр. Бұл жолды Данияр да жалғастырады деген сенім мол. Ол - жылдам контрпанчер. Оның аяқтары жылдам қозғалады. Ең бастысы Даниярдың өзіне деген сенімі мол. Ол қорықпай тек алға жүреді. Бұйырса, Даниярды екі жылда әлем чемпионы етіп шығарамын", - деді Алтамура.
25 жастағы отандасымыз 2016 жылы Риода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы атанған болатын. Бразилия жерінде ол 69 келі салмақта сынға түсті. Бірақ, кәсіпқой бокста ол 66 келіде бағын сынауды жөн көріпті. Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы жекпе-жектеріне АҚШ-тың Флорида қаласында дайындалады. Оның бас бапкері әкесі Марат Елеусінов болып қала бермек. Бірақ, Даниярдың дайындығын америкалық мамандар да бақылап отырады.
Жарнама