k7PbkfNkk908uJVXgQ97ozP8rYAI4pNm2YQ8IBo3
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Данияр соққыны көре алатын талантты боксшы - Жәнібек Әлімханұлы

Данияр соққыны көре алатын талантты боксшы - Жәнібек Әлімханұлы
Жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Жәнібек Әлімханұлы Ұлттық құрамада бірге жаттыққан Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жегі мен жұдырықтасу мәнерінің артықшылығы туралы айтып берді.

Бокстан әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Данияр Елеусіновтің алдағы жекпе-жектегі тактикасы мен қорғаныстағы артықшылығын атап өтті. Ол өз сөзінде: «Данияр екеуміз қаншама жыл бір командада бірге жаттықтық. Жарыстарға бірге бардық. Әр қарсыласына тиянақты дайындалады. Бұрын ұтып жүрген боксшы болса да арнайы тактикамен шығады. Қарсыласын менсінбей бокстаспайды. Данияр соққыны көре алатын талантты боксшы. Негізгі артықшылығы да осы. Бұл жолы да осы мүмкіндіктерін толық пайдаланады деп ойлаймын. Жеңіске жетіп, көк туды желбірететініне сенемін», – деді Жәнібек.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегі алдында ресми салмақ өлшеу рәсімінен өтті. Отандасымыз бүгін Джейкобс — Сулецки арасындағы жекпе-жектің андеркартында Ноа Киддпен (3-0-1, 2 КО) жұдырықтасады.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар