JqYOKjUoKAiW9cGYePj8iTpcaDID7AAiiLStQa78
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің барлық билеті сатылып кетті

Данияр Елеусіновтың кәсіпқой бокстағы екінші жекпе-жегінің барлық билеті сатылып кетті
Данияр Елеусінов. © boxingscene.com
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 6 маусымда Лондонда York Hall орталығындағы бокс кешінің андеркартында жұдырықтасады. Бұл кештің басты жекпе-жегі - Британ достастығы чемпионы және жартылай ауыр салмақта WBA Continental чемпионы титулы үшін Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинстің (13-0, 9 КО) кездесуі. Бокс кешінің билеттері түгелдей сатылып кетті. Бұл туралы Matchroom Boxing ұйымдастырушылары мәлімеді.

Олардың мәліметінше, билеттер түгелдей сатылып кеткен, алайда қанша билет екені нақтыланбаған. York Hall орталығы 12 000 көрерменге арналған. 

Осы бокс кешінде Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов (1-0, 1 КО) андеркартта өнер көрсетеді. Қазақстандық боксшы үшін бұл кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы белгісіз. 



Олимпиада чемпионы қазақстандық Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласы Ноа Киддті нокаутқа түсірді. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек 28 сәуірде Нью-Йорктегі "Барклайс" аренасында өтіп, кештің басты кездесуі - орта салмақтағы америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен поляк Мацеей Сулецки (26-0, 10 КО). 

Елеусінов - Ноа кездесуі алты раундқа есептелген еді, алайда үшінші раунда аяқталды. 27 жастағы қазақстандық қарсыласын нокдаунға түсіріп, кейін соққысын үдеткен еді. Екінші нокдауннан кейін рефери есеп алып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді.

22 жастағы Кидд карьерасында тұңғыш рет жеңіліп отыр - мұның алдында ол үш рет жеңіске жетіп, бір рет тең түскен еді.

Айта кетейік, Данияр Елеусінов кәсіпқой боксқа түбегейлі наурыз айының басында ауысты. Оған дейін бір рет баруға бел буғанмен, реті келмеген еді. Ұлыбританиялық промоутер Эдди Хирнмен (Matchroom Boxing) үшжылдық келісімшартқа қол қойып, кәсіпқой бокстағы мансабына жол ашылды. Қазіргі таңда Эдди Хирн басқаратын компания құрамында аса ауыр салмақта WBA Super, IBF және IBO чемпиондық атақтарына ие Энтони Джошуа бар. Сондай-ақ британдық промоутер Райан Барнетт (18-0, 9 КО) (WBA Super және IBF), Джейми Макдоннелл (29-2-1, 13 КО) (WBA), Халид Яфай (23-0, 14 КО) (WBA Super), Келл Брук (37-2, 26 КО), Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) сынды боксшылармен жұмыс жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар