Данияр Елеусіновтің украиналық боксшыға қарсы кездесуі қайда өтетіні айтылды

©Matchroom Boxing©

Жартылай орта салмақтағы IBO белбеуінің иегері Данияр Елеусіновтің украиналық Иван Голубке қарсы кездесуі қайда өтетінін анықталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Martialbot.com ақпараты бойынша, бұл кездесуде ешқандай белбеу сарапқа салынбайды. Яғни, алдағы айқаста Елеусінов өзіне тиесілі белбеуін қорғамайды. Ал жекпе-жектің өзі 25 маусым күні Техас штатындағы Сан-Антонио қаласындағы Tech Port Arena спорт кешенінде өтеді. 

Айта кетейік, 31 жастағы Елеусінов 2016 жылы Олимпиадада алтын жүлде жеңіп алған еді. Кәсіпқой бокста ол 11 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Отандасымыз соңғы айқасын 2021 жылдың желтоқсанында өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леальді жеңді. 

33 жастағы Голуб болса кәсіпқойда 21 кездесу өткізіп, 20 жекпе-жекте жеңіске жеткен. Голуб соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамызында өткізіп, америкалық Эрик Уолкерден үстем түсті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар