Данияр Елеусіновтің келесі қарсыласы қолын сындырып алды. Отандасымызға басқа қарсылас іздестірілуде

©boxingscene.com

Мексикалық боксшы Данте Хардон (41-7, 25 КО) жартылай орта салмақта Данияр Елеусіновпен (10-0, 6 КО) IBO белбеуі үшін кездесуге қатыспайтын болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Хардон жарақат алған. Ол жаттығу барысында қолын сындырып алған. Дәрігерлер оған жекпе-жекке қатысуға тиым салыпты. 

"Көңіл-күйім жоқ. Бірақ бұл спорт. Дайындық барысында қолымды сындырып алдым. Дәрігерлер кездесу өткізуге болмайтынын айтты. Бұл менің карьерамда әлем чемпионы атағын жеңіп алатын ең үлкен мүмкіндігім еді. Даниярға алдағы кездесуде сәттілік тілеймін" , - деді мексикалық боксшы. 

Қазіргі уақыттта Елеусіновке жаңа қарсылас іздестіріп жатыр. Ал бокс кешінің өзі 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар