Данияр Елеусіновтің чемпиондық жекпе-жегінің афишасы шықты

©

Жартылай орта салмақта IBO белбеуіне таласатын қазақстандық Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен аргентиналық Хуан Эрнан Леао (15-1, 4 КО) арасындағы кездесудің афишасы шықты, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Бұл кездесу 18 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. Жекпе-жек кешін "Хабар" арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Еске салайық, әуесқойлар арасында Олимпиаданың чемпионы атанған Данияр Елеусінов кәсіпқой бокста Қазақстанда бірінші рет жекпе-жек өткізеді. Әу баста отандасымыздың қарсыласы мексикалық Данте Хардон (41-7, 25 КО) болу керек еді. Алайда ол жаттығу барысында қолын сындырып, қарсылас ауысты. Жалпы бұл кеште жұдырықтасатын боксшылардың тізімін мына жерден көре аласыздар. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар