Кәсіпқой бокс
30 мамыр 2018 14:12
 
Данияр Елеусінов Ұлыбританиядағы жекпе-жегіне дайындығын аяқтады

  Пікірлер

blog.share

Данияр Елеусінов Ұлыбританиядағы жекпе-жегіне дайындығын аяқтады Matchroom Boxing©

2016 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Еуеусінов алдағы кездесуіне АҚШ жерінде жаттығуын аяқтап, жекпе-жекті өткізу үшін Ұлыбританияның астанасы Лондонға келеді. 

Бұл туралы танымал америкалық сарапшы Берни Бармасель өзінің Twitter парақшасында хабарлады. 

"Қазақсандық Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусинов (1-0, 1КО ) Флоридадағы жаттығу жұмыстарын аяқтап, ертең Лондонға жол жүреді", - деп жазды Берни Бармасель. 

Алдағы кездесуге отандасымыз 54 жастағы америкалық маман Джон Дэвид Джексонның қол астында дайындалды. 

Еске салайық, Елеусіновтің келесі кездесуі 6 маусым күні Лондондағы York Hall спорт кешенінде өтеді. Қазақстан уақыты бойынша жекпе-жек 6 маусымнан 7 маусымға ауысқан түні Астана уақытымен 01:55 те басталады. Қазақстандық боксшының қарсыласы анықталған жоқ. 

Жарнама

Живи спортом!