Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) шаршы алаңға қазан айында оралуы мүмкін. Бұл туралы Vesti.kz порталының тілшісіне боксшының менеджері Зия Алиев айтып берді.
Бұған дейін менеджердің айтуынша, кездесу тамыз не қыркүйек айында өту керек еді. Бірақ жекпе-жек күні тағы шегерілді.
"Біз келісіп қойдық десек болады. Қазанның басында. Бірақ біз ресми хабарлағанын күтіп отырмыз. Қазір қарсылас іздеп жатырмыз", - деді Алиев.
Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы кейінгі кездесуін 2020 жылдың 27 қарашасында өткізді. Жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental белбеуі сарапқа салынған бұл айқаста отандасымыз Джулиус Индонгоны жеңген еді. Содан бері Елеусінов әлі шаршы алаңға шыққан жоқ.