auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі туралы ойымен бөлісті

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы екінші кездесуі туралы ойымен бөлісті
Данияр Елеусінов. Сурет: Matchroom Boxing
Бокстан 2016 жылы Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусінов 6 маусымнан 7 маусымға ауысатын күні Лондонда өтетін екінші кездесуі алында өткен баспасөз жиынына қатысты, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Елеусіновтың жекпе-жегі ауыр салмақтағы боксшылар - Лоуренс Околи (8-0, 6 КО) мен Люк Уоткинс (13-0, 9 КО арасында болатын бокс кешінің андеркартында өтеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы венгриялық Габор Горбич (24-11, 14 КО) болмақ. Қазақстан жерінде кездесуді тікелей эфирде көрсетеді. Жекпе-жек Астана уақытымен 1:55-те басталады. 

Баспасөз жиыны кезінде Елеусінов Лондонға қайта келгеніне қуанышты екенін айтты. Бұл қалада ол 2012 жылы Олимпиада ойындарына қатысып, ширек финалда сүрінген болатын. 

"Лондонға келгеніме қуаныштымын. Жекпе-жек өткізетініме де. Бұл қалада 2012 жылы болған едім. Қазір кездесуді асыға күтіп отырмын. Сынаққа дайынмын. Бірінші кездесуім де көңілден шықты. Англия жерінде де жақсы өнер көрсетемін деп сенемін", - деді Елеусінов. 

Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 28 сәуір күні Нью-Йорк қаласындағы Barclays Center спорт кешенінде орта салмақтағы америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) пен полшалық Мацей Сулецки (26-0, 10 КО) арасындағы бокс кешінің андеркартында өткізді. Алты раундқа жоспарланған жекпе-жекте отандасымыздың қарсыласы америкалық Ноа Кидд (3-1-1, 2 КО) болды. Біз кездесуде Елеусінов төртінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, жеңіске жетті. 

Айта кетейік, жыл басында Елеусінов танымал британдық промоутер Эдди Хирмен келісімшарт жасаған болатын. Келісімшарт бойынша ол бірінші жылы жеті кездесу өткізуі керек. 



Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футзал
  • Футзал
  • Футбол
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама