kK4xaTR1S7uovar6hVb5QlTQhHw3quG2mgEzGnxe
auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Данияр Елеусінов "бір миллиард долларлық жобада" өз үлесін алуы мүмкін

Данияр Елеусінов "бір миллиард долларлық жобада" өз үлесін алуы мүмкін
© instagram/yeleussinovdaniyar
Танымал WorldBoxingNews сайтының редакторы Фил Джей Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтың никарагуалық Маркос Мохикаға қарсы өткізген жекпе-жегі туралы пікір білдірді.

"Елеусінов өзін жақсы көрсете білді, оның жекпе-жектері тартысты, ол кәсіпқой боксты түсіне бастады. Ол енді көрермен үшін жұмыс істей бастады. Matchroom боксшысы ретінде, ол  DAZN ұйымымен байланысады. Промоутер Эдди Хирн оны әлем чемпионы ретінде көргісі келетіні сөзсіз. Менің ойымша, келесі жылы жазда ол өзінің титулдық кездесуін алып, DAZN ұйымымен келісімшартқа отырады", - дейді маман.

Айта кетейік, Елеусінов кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін Монакода өткізіп, үшінші раундта жеңіске жеткен еді. Кездесу барысында ол қарсыласын бірнеше рет нокдаунға түсірген. Нәтижесінде қазақстандық боксшының қарсыласына техникалық нокаут жазылды.



Осы жеңісінен кейін қазақстандық боксшы BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 234-орыннан 184-орынға көтерілді.

Matchroom промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн DAZN компаниясымен бір миллиард долларға сегіз жылдық келісімшарт жасасты. Оның шарты бойынша промоутерлік компания жылына 32 бокс кешін ұйымдастыруы керек.



Таяуда DAZN компаниясы мексикалық боксшы Сауль Альвареспен рекордтық сомаға (365 миллион доллар) келісімшарт жасаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Жаңалықтар