Данияр Елеусінов алдағы жоспары туралы айтып берді

Сурет: instagram.com/yeleussinovdaniyar

Әуесқойлар арасында Олимпиада чемпионы атанған, бүгінге кәсіпқой бокста жартылай орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Данияр Елеуінов (10-0, 6 КО) биылға арналған жоспары туралы айтып берді,- деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Өзінің Instagram парақшасында Елеусінов биыл әлем чемпионы белбеуін иеленуге ниетті екенін жазды. 

"Мен жаңа әлем чемпионы атанып, ұлттық жобаға айналуым мүмкін. Иншаллах", - деп жазба қалдырды боксшы. 



Еске салайық, Елеусінов кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы кездесуінде әлемнің бұрынғы чемпионы Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) кездесіп, IBF Intercontinental белбеуін жеңіп алды. 

 

Метки:
Жаңалықтар