auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Данияр Елеусінов 2018 жылы кәсіпқой бокста қанша жекпе-жек өткізетінін айтты

Данияр Елеусінов 2018 жылы кәсіпқой бокста қанша жекпе-жек өткізетінін айтты
©: Reuters©
Олимпиада ойындарының чемпионы Данияр Елеусінов британдық промоутер Эдди Хирнмен келісмшарт жасағаннан кейін 2018 жылы қанша кездесу өткізетінін және Қазақстан жерінде қай уақытта жекпе-жек өткізетінін айтып берді, деп жазады Vesti.kz порталы. 

- Данияр, бірінші кезекте Эдди Хирмен қалай байланысқа шыққаныңыз туралы сұрағымыз келеді ...

- Мен бұл ұсынысты қабылдаймын деп ойламадым. Мен менеджер Зия Әлиевпен үнемі байланыста болдық. Ол маған керемет ұсыныс жасап жатқанын айтты. Бірақ толық ештеме айтпады. Тек жаттығу жиындарынан кейін ғана ол Қазақстанға кімнің және қашан келетінін айтты. Сосын мен ұсынысты қабыл алдым. 

Эдди Хирн - ең танымал промоутерлердің бірі екенін білемін. Өз саласының үздігі. Энтони Джошуаны қандай биікке жеткізгенін жұрт жақсы біледі. Бірнеше Олимпиада ойындарының чемпиондарымен келісімшарт жасаған. Ол жылына 30-дан астам бокс кештерін ұйымдастырады. Тіпті Top Rank немесе Golden Boy мұнша кездесу ұйымдастырмайды. 

- Сізді Қазақстанда жұдырықтасқаныңызды көргіміз келеді. Елімізде қашан жекпе-жек өткізу ойда бар?

- Эдди келесі жылдың соңында Қазақстанда чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өтенін айтты. Менің ойымша, ол мұны іске асыра алады. Мүмкін әлем чемпионы атағы үшін емес шығар. Бірақ аймақтық чемпиондыққа міндетті түрде өту керек. 

- Қанша жекпе-жек өткіземін деп жоспарлап отырсыз?

- Келісімшарт бойынша бірінші жылы жеті кездесу өткізу керекпін. Одан көбірек те болады. Бірақ барлығы менің дайындығыма байланысты болады. 

- Чемпиондық белбеуге жетерге дейін қанша кездесу өткізгіңіз келеді?

- 15. 

- Бұған дейін сіз 64 және 69 келі салмақта өнер көрсетіп едіңіз. Енді кәсіпқой боксқа 66,7 келіде жұдырықтамасын дедіңіз. Бұл салмақ сіз үшін ең қолайлысы болды ма?

- Әуесқой бокста салмақ қуу маған қиындау болған еді. Кәсіпқой бокста қатты қиын болмайтын шығар. Бұл салмақ мен үшін қолайлы деп ойлаймын. Енді диета сақтайтын боламын. 









Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама