"Чемпионға қарсы!". "Канелоның" келесі қарсыласы анықталды

Сурет: instagram.com/canelo

Орта салмақта WBA және WBC, екінші ортасалмақта WBA белбеулерінің иегері мексикалық Сауль "Канело" Альварес өзінің келесі кездесуін екінші орта салмақтағы IBF белбеуінің иегері америкалық Калеб Плантқа қарсы өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Бокс тілшісі Майк Коппинджердің ақпараты бойынша, "Канело" мен Плант 19 желтоқсан күні супер орта салмақта кездесу өткізуге ниетті. Бірақ екі боксшы келіссөзді "Канелоның" промоутерлік компаниясымен келісімшартын бұзғаннан кейін ғана бастайды. Кездесу АҚШ-тың Техас штатында өтуі мүмкін. 

Инсайдер дәл қазір "Канелоға" көптеген промоутерлік компаниядан ұсыныс түсетінін де айтты. Сонымен қатар ол мексикалық боксшының Оскар Де Ла Хойя басқаратын Golden Boy компаниясымен енді жұмыс істемейтінін жазды. 



Еске салайық, Альварес соңғы рет шаршы алаңға 2019 жылдың қараша айында шығып, ресейлік Сергей Ковалевтің нокаутпен жеңді. 

Ал Плант болса соңғы айқасын 2020 жылдың ақпанында өткізіп, Винсент Файгенбутцты ұтты. 






 

Метки:
Жаңалықтар