"Чемпиондық кездесу бермеді". Елеусінов Головкиннің промоутерімен жұмыс істемейтін болды

Сурет: worldboxingnews.net

Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарының чемпионы, қазіргі уақытта кәсіпқойда жартылай орта салмақта өнер көрсететін Данияр Елеусінов британдық промоутер Эдди Хирнмен жұмыс істемейтін болды, деп хабарлайды Wорлдбоxiнгнеwс.нет.

Дереккөз ақпараты бойынша, 30 жастағы боксшының Хирн жасап жатқан жұмысына көңілі толмайды екен. Отандасымыз әлем чемпиондығына таласқысы келеді. Бірақ Матchроом промоутерлік компаниясы Елеусіновке ондай мүмкіндікті жақын арада бермейді.&нбсп;

Айта кетейік, британдық маман орта салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық боксшы - Геннадий Головкиннің промоутерлерінің бірі. Ол GGG-мен жұмысын ары қарай жалғастырады.

Еске салайық, Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы өзінің соңғы кездесуін былтыр жыл соңында намибиялық Джулиус Индонгоға (23-3, 12 КО) қарсы өткізіп, ІБФ Інтер-Cонтiнентал белбеуін жеңіп алды.

Метки:
Жаңалықтар