Америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлымен (11-0, 7 КО) жекпе-жек өткізбей, орта салмақтағы WBO белбеуінен бас тартуға дайын. Содан соң отандасымыздың осы белбеуге таласатын қарсыластары белгілі болды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
БАҚ Әлімханұлының бірінші қарсыласы мексикалық Хайме Мунгия (38-0, 30 КО) болуы керек екенін жазады. Бірақ ол жуырда WBC белбеуіне таласады. Сондықтан ол қазақстандық боксшымен кездесу өткізуден бас тартады.
Әлімханұлы қазіргі уақытта WBO рейтингінде екінші сатыда. Отандасымыздан кейін бразилиялық Эскива Фалькао (29-0, 20 КО), британиялық Дэнни Динам (13-0-1, 7 КО) және Крис Юбенк (31-2, 23 КО) жайғасқан.
Бірақ біз айтып өткен боксшылардың барлығының нақты жоспары бар. Осыған дейін Әлімханұлын жекпе-жекке шақырған Эскива орта салмақта өнер көрсететін Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) IBF белбеуіне міндетті қарсыласы.
Ал Динам мен Юбенк ақпан айында Грант Деннис (17-3, 3 КО) және Лиам Уильямсқа (23-3-1, 18 КО) қарсы кездесу өткізеді.
Осы боксшылардан кейін тізімде Карлос Адамс (21-1, 16 КО) тұр. Шамасы Әлімханұлының алдағы қарсыласы осы боксшы болуы мүмкін. Себебі, Адамстың алдағы уақытта ешқандай жоспары жоқ.
Орта салмақта WBO рейтингін (6 және 15 орын аралығы):
6. Карлос Адамес (21-1, 16 КО, Доминикан Республикасы)
7. Лиам Уильямс (23-3-1, 18 КО, Ұлыбритания)
8. Феликс Кэш (14-0, 10 КО, Ұлыбритания)
9. Канат Ислам (28-0, 22 КО, Қазақстан)
10. Исаак Хардман (12-0, 10 КО, Аустралия)
11. Хуан Манэуль Таборда (16-0-1, 9 КО, Аргентина)
12. Винсент Фейгенбутц (33-3, 29 КО, Германия)
13. Юки Нонака (35-10-3, 10 КО, Жапония)
14. Дензел Бентли (15-1-1, 13 КО, Ұлыбритания)
15. Хьюго Сентено-младший (28-4-1, 15 КО, АҚШ)