Чарлоның бапкері Головкин мен "Канелоға" шарт қойды
Джермалл Чарло және Ронни Шилдс. Сурет: boxingscene.com
Орта салмақта WBC белбеуінің міндетті қарсыласы америкалық боксшы Джермалл Чарлоның (26-0, 20 KO) бас бапкері Ронни Шилдс осы салмақта өнер көрсететін қазақстанды боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) шарт қойды.
"Джермалл Головкинмен немесе "Канеломен" кездескісі келеді. Тіпті ол екеуімен де жекпе-жек өткізуге дайын. Біз бұл екі боксшы арасындағы кездесудің жеңімпазын күтеміз. Бізге кімнің жеңгені маңызды емес. Екінші кездесуден кейін жеңімпаз не "иә" не "жоқ" деп айту керек. Егер "жоқ" дейтін болса, онда ол WBC белбеуін босатуы қажет. Сол кезде бізде әлем чемпионы деген атақ болып, басқа қарсылас қарастырамыз. Егер кейін жеңімпаз ("Канело" мен Головкин арасындағы кездесудің) Чарломен кездескісі келсе, біз келісім береміз", - дейді Шилдс ThaBoxingVoice басылымына берген сұқбатында.
Бұған дейін Чарлоның өзі Головкин мен "Канелоға" ескерту жасап, екеуімен әлемнің кез-келген жерінде кездесуге дайын екенін айтты. "Бокста ең үздік болудың бір ғана жолы бар - ол тек мықтылармен жұдырықтасу. Мен оған дайынмын", - деген болатын ол.
Чарло өзінің келесі кездесуін 3 наурыз күні Нью-Йорк қаласында отандасы Уго Сентеноға (26-1, 14 КО) қарсы WBC белбеуінің уақытша чемпионы атағы үшін өткізеді. Бұл кездесудің жеңімпазы сонымен қатар 5 мамыр күні өтетін орта салмақтағы WBA (Super), IBO, WBC және IBF чемпиондық белбеулерінің иегері Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль "Канело" Альварестің міндетті қарсыласы болады.

Жарнама