Чарло Головкинге тиесілі белбеудің уақытша чемпиондық атағына таласатын болды
Джермалл Чарло. Сурет: Boxing News
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) WBC белбеуіне міндетті үміткер америкалық боксшы Джермалл Чарло (26-0, 20 KO) алдағы жоспарлары туралы айтып берді. Бұл туралы vRINGe.com порталы хабарлайды.
Қазіргі уақытта Чарлоның өзі 2018 жылдың екінші жартысына дейін Головкинмен кездесу өткізе алмайтынын ұғынып отыр. Өйткені, Головкиннің басты мақсаты - мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен (49-1-2, 34 ) екінші кездесу өткізу. Шет елдік БАҚ мәліметі бойынша, екінші кездесу 2018 жылдың 5 мамырында өтуі мүмкін.
Осыған байланысты Чарло Головкинді күтпей, орта салмақтағы WBC белбеуінің уақытша чемпиондық атағына таласу үшін жекпе-жек өткізуді көздеп отыр. Бұл туралы боксшының өзі FightHype порталына айтты. Алайда америкалық боксшы қарсыласының есімін жарияламады.
Еске салайық, Чарло биыл шілде айында орта салмаққа ауысып, аргентиналық Хорхе Хейландты төртінші раундта жеңді. Осы жеңісінен кейін ол орта салмақтағы WBC белбеуі иегерінің міндетті қарсыласы атанды.

Жарнама