Бізге ұзақ үзіліс керек емес. Головкинмен реванш керек - Джейкобстың бапкері
Америкалық бапкері Андре Розье BoxingScene басылымына берген сұхбатында өз шәкірті Дэниэл Джейкобстың (32-2, 29 КО) жоспарлары жайлы айтып берді.
Еске салайық, қазақстандық боксшы 19 наурызда Нью-Йоркте америкалық Дэниэл Джейкобсты ұпай айырмасымен жеңген болатын.
Розьенің айтуынша, Джейкобс ұзақ үзіліс жасауды жоспарлап отырған жоқ және таяу уақытта рингке оралуға ниетті. Бапкер оның Головкинмен қарымта кездесуін көргісі келеді екен.
"Мен оған үзіліс бердім, демалып, рахат өмір сүрсін", - дейді Розье Джейкобс жайлы. - Мамырдың ортасында ол жаттығуларына кіріседі. Сосын келесі қарсыластың кім болатынын анықтаймыз. Мен үшін Головкинмен қайта жұдырықтасқаны қолайлы. Бұл екі жігіт орта салмақта әлемнің үздіктері! Олар бір-бірімен тіпті 4-5 жекпе-жек өткізе алады, себебі алғашқы жекпе-жек керемет өтті. Мұны барлығы да қалайды деп сенемін", - деді ол.
Айта кетейік, алғашқы жекпе-жектен кейін Головкин реваншқа дайын екенін мәлімдеген болатын. Қазақстандық рингке қыркүйекте оралады деп күтіледі.

Жарнама