Профи-бокс
5 қазан 2021 13:39

"Бізді алдап кетті". Бапкер Джошуа - Усик кездесуі келісілгенін айтты

©badlefthook.com

Бұған дейін Владимир Кличконың командасына кірген украиналық бапкер Сергей Городничев аса ауыр салмақтағы WBA (Super), IBF, WBO және IBO  белбеуі үшін өткен украиналық Александр Усик пен (19-0, 13 KO) британиялық Энтони Джошуа (24-2, 22 KO) арасындағы айқас келісілген болуы мүмкін екенін айтты.

Городничевтің айтуынша, Усик Эдди Хирннің "жобасы". Сол үшін Джошуаның жеңілгені әдейі дейді. Бұл кездесу 26 қыркүйек күні Лондонда өтіп, Усиктің жеңісімен аяқталған болатын. 

"Усик қандай боксшы екенін көрсетті. Ал Джошуа болса оңбай таяқ жеді. Жекпе-жек барысында британдық боксшы өзіне мүлде ұқсамады. Бірақ оған бәрібір секілді. Бізді алдады. Бұл жерде келісілген дүние бар секілді. Барлығымыз Джошуаның мықты боксшы екенін білеміз. Дегенмен бұл кездесуде ол ақымақ сияқты жүрді. Себебі Джошуаның арабтармен үш кездесуге 100 миллион долларға жасаған келісімшарты бар", - деді Городничев. 

Айта кетейік, бұған дейін осы бапкер Олимпиада ойындарында алтын жүлделер сатылғаны туралы айтқан еді. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport