"Біз Головкинмен кездесуден бас тарттық". "Канелоның" бапкері боксшының жоспары туралы айтты

Сурет: wbaboxing.com

Сауль "Канело" Альварестің (53-1-2, 36 КО) бапкері әрі менеджері Эдди Рейносо мексикалық боксшының жоспарына қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) үшінші рет кездесу кірмейтінін айтты. Бұл туралы vRINGe.com порталы жазып отыр. 

Оның айтуынша, мексикалық боксшының жоспарлары мүлде басқа екен. "Егер шынымды айтсам, Альварес дәл қазір орта салмақтың лимитіне дайын емес. Салмақ қуа алмайды. Оның үстіне орта салмақта лайықты қарсылас та жоқ. Әрине, Головкиннен басқа. Бірақ менің ойымша қазақстандық боксшы да мүлде салмақты әрең қуып жүр. Сондықтан да біз орта салмақта өнер көрсетуден бас тарттық. Енді біз супер орта салмақта жұдырықтасамыз. "Канелоның" басты мақсаты - әлемнің абсолютті чемпионы болу", - деді бапкер. 

Айта кетейік, мексикалық боксшы 19-желтоқсан күні WBA белбеуінің иегері британдық боксшы Калуум Смитпен кездеседі. 

Еске салайық, Головкин мен Альварес бұған дейін екі рет кездесті. 2017 жылы өткен кездесу тең аяқталса, бір жылдан кейін өткен кездесуде мексикалық боксшы жеңіске жетті. 






 

Метки:
Жаңалықтар