auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Біз барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Бірақ қарсылас әлі таңдалған жоқ - Головкиннің промоутері

Біз барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Бірақ қарсылас әлі таңдалған жоқ - Головкиннің промоутері
©:ВКонтакте
Орта салмақта әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер қазіргі уақытта барлық нұсқаларды қарастырып жатқанын, бірақ қарсыластың әлі таңдалған жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Аllboxing.ru порталы. 

"Головкин 5-мамыр күні Лас-Вегаста жұдырықтасқысы келеді. Бірақ ол үшін біз Комиссияның ресми шараларынан өтуіміз керек. Лас-Вегасқа Головкиннің жекпе-жегіне келемін деп жоспарлаған барлық жанкүйерлерге айтарым - жоспарларыңыздан бас тартпаңыздар. Өйткені, біз 5-мамыр күні Головкиннің жекпе-жегін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз", - дейді Леффлер. 

Промоутер дәл қазір Головкиннің келесі қарсыласы кім болатыны әлі анықталмағанын айтты. "Біз барлық нұсқаларды қарастырып жатырмыз. Головкин жекпе-жек өткізгісі келеді. Бірақ қарсылас әлі анықталған жоқ", - деді Леффлер. 

Сондай-ақ промоутер Головкин 5-мамырда жекпе-жек өткізуі үшін Невада штатының комиссиясына өтініш білдіргенін айта кетті. 

Еске салайық, Головкин 5-мамыр күні "Канеломен" жұдырықтасуы керек еді. Біраұақпан айында Альварестің екі допинг сынамасы кленбутерол дәруменіне оң нәтиже беріп, Невада штатының Атлетер комиссиясы (NSAC) оны уақытша жекпе-жектерден шеттетті. Оның ісіне байланысты тыңдалым 18-сәуірде өтеді. Мексикалық боксшы бір жылға бокстан шеттетілуі мүмкін.

Ал кеше түнде мексикалық боксшы ресми түрде Головкинмен өтетін кездесуден бас тартты. 

Головкин болса бәрібір 5-мамыр күні жекпе-жек өткізеді. Қазіргі уақытта отандасымызбен кездесу өткізуге бірнеше боксшы дайын екенін айтты. Олардың қатарында америкалық боксшылар Джермалл Чарло, Деметриус Андраде, украиналық Сергей Деревянченко, ирландиялық Гэри О'Салливан, бразилиялық Ямагучи Фалькао, екінші орта салмақтағы WBO чемпионы Хильберто Рамирес және кіші Хулио Сезар Чавес бар.

Головкин мен Альварес арасындағы бірінші кездесу 16-қыркүйек күні Лас-Вегастағы T-Mobile спорт кешенінде өтіп, тең аяқталған болатын. Бірақ бұл кездесудің нәтижесімен бірнеше бокс маманы келіспейтінін де айтты.

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Хоккей
  • Футзал
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама