Бұрынғы чемпион Головкин - "Канело" кардында айқасу керек болғанын айтты
Жартылай ауыр салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы украиналық Александр Гвоздик (17-1, 14 KO) Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы жекпе-жектің андеркардында кездесуі өтпей қалғаны туралы айтты, деп жазады Sport.24tv.ua порталы.

- Сіз келесі кездесуіңіз қараша айында өтеді деп хабарлаған едіңіз. Бірақ қай күні екені және қарсыластың кім болатыны туралы ақпарат жоқ. Дәл қазір бұл кездесуіңізге қатысты нақты ақпарат бар ма?
- Жоқ. Мүлде жоқ. Тіпті қай күні өтетіні белгісіз. Маған 17 қыркүйек күні Головкин мен "Канелоның" андеркардында жұдырықтасасың деп еді. Болмады. Содан соң 22 қазан деді. Дегенмен ол да әлі нақты емес. Бірақ мен бұл күні шаршы алаңға шығатыныма сенбеймін. Сондықтан қарашаға дайындалып жатырмын.
Айта кетейік, жартылай ауыр салмақта WBC белбеуінің иегері болған Гвоздик 2019 жылдың қазан айынан бері шаршы алаңға шықпады. Соңғы рет ол Артур Бетербиевпен кездесіп, нокаутпен жеңіліп қалды.
Жарнама