Бұрынғы әлем чемпионы "Канело" мен Бивол кездесуі нақты қай раунда аяқталатынын болжады
Әлемнің бұрынғы чемпионы Хуан Мануэль Маркестің пікірінше, мексикалық Сауль "Канело" Альварес алдағы айқаста жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволды нокаутпен жеңеді, деп жазады Fightnews.info порталы.

12 раундқа жоспарланған бұл кездесу Қазақстан уақыты бойынша 8 наурыз таңда Лас-Вегас қаласында болады.
"Мен Биволды Альварес үшін мықты қарсылас деп ойламаймын. "Канело" - жауынгер. Ол агрессив жұдырықтастан боксшыларды оңай жеңіп жүрді. Ал Бивол болса сондай боксшы. Егер Дмитрий шамалы жылдам болғанында, Сауль біраз қиналатын еді.
Альвареске агрессив боксшыларға қарсы жұдырықтасқан ұнайды. Менің ойымша, "Канело" Биволды сегізінші раунда нокаутпен жеңеді. Иә, көптеген жанкүйерлердің менімен келіспейтінін білемін. Бұл жерде мен Биволды осал деп тұрған жоқпын. Ол жақсы комбинациямен шабуыл жасай алады. Сонымен қатар, соққысы да ауыр. Бірақ алға жүремін деп ол Альварестің тұзағына түсіп қалады", - деді Маркес.
Жарнама