auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бұл нағыз бассыздық". Қазақстандық промоутер "Канелоның" допинг дауына қатысты пікір білдірді

"Бұл нағыз бассыздық". Қазақстандық промоутер "Канелоның" допинг дауына қатысты пікір білдірді
© Bad Left Hook
Қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында бүгін шыққан мәліметке қатысты, яғни Головкин - Альварес жекпе-жегінің сатылған билеттері кері қайтарылып жатқаны туралы өз пікірін білдірді. 

Бүгін, 29 наурызда Fightnights.com басылымы қазақстандық Геннадий Головкин және мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек билеттерінің кері қайтарыла бастағанын хабарлады.

"Бұл әлемдік деңгейдегі дау-дамай. Головкин дұрыс айтты. Бұл шынымен де барып тұрған бассыздық. 10 сәуірде антидопингтік комиссияның шешімін білетін боламыз. Осыдан кейін бірдеме айтуға болады. Ал егер билеттерді қайтарып жатса, онда барлығы да белгілі ғой. Негізі бұл "Канелоның" командасының кінәсі. Невада комиссиясы дұрыс шешім шығарады дегенге сенемін. Альвареске қандай санкция қолданылатынын және 5 мамырда жекпе-жек өткізілетін не болмайтынын білмеймін. Егер жекпе-жек кейінге қалдырылса, онда Головкиннің Билли Джо Сондерспен 5 мамырда шаршы алаңға шыққанын көргім келеді. Әрине ол келісімін берсе, бұл тиімді алмасу болар еді", - деді Манкенов. 

Еске салайық, Головкинмен қарымта кездесуге екі ай қалғанда Альварестің қанынан кленбутерол атты допинг табылған. Мексикалықтың командасы мұны зарарлы етті тамаққа пайдаланумен байланыстырды. Дегенмен Невада штатының Атлетикалық комиссиясы Альваресті әзірге жекпе-жектерден шеттетті. Қорытынды шешім 10 сәуірде шығады.

Ал Головкиннің промоутері Том Леффлер комиссия Альвареске қатысты қандай шешім шығарса да, қазақстандық 5 мамырда шаршы алаңға шығатынын мәлімдеген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама