Профи-бокс
7 сәуір 2017 09:27
 

Бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана – Батыр Жүкембаев

  Пікірлер

blog.share

Бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана – Батыр Жүкембаев Eye of The Tiger Management©

Бүгін таңда қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр "777" Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында мексикалық боксшы Косме Ревераны жетінші раундта нокаутпен ұтып, "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алды. Жекпе-жек соңынан отандасымыз өз ойын білдірді.

- Жекпе-жекте өзімді жақсы сезіндім. Міне, менің арманым жүзеге асып. Бірақ, бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана. Командама, промоутерім Камиль Эстефан мен менеджерім Анна Реваға алғысымды білдіремін, - деді боксшы.

26 жастағы отандасымыз спорттық мансабындағы алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісін тойлады. Оның 8-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Батыр жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келеді.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы бокс кешінің бірінші жекпе-жегінде отандасымыз Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшы Кристиан Арразоланы екінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.

blog.share
Бүгін таңда қазақ кәсіпқой боксшысы Батыр "777" Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында мексикалық боксшы
Косме Ревераны жетінші раундта нокаутпен ұтып, "IBO International" чемпиондық атағын жеңіп алды. Жекпе-жек соңынан отандасымыз өз ойын білдірді.

- Жекпе-жекте өзімді жақсы сезіндім. Міне, менің арманым жүзеге асып. Бірақ, бұл менің жеңістерімнің бастамасы ғана. Командама, промоутерім Камиль Эстефан мен менеджерім Анна Реваға алғысымды білдіремін, - деді боксшы.

26 жастағы отандасымыз спорттық мансабындағы алғашқы чемпиондық атағына қол жеткізді. Сондай-ақ кәсіпқой бокстағы 9-шы жеңісін тойлады. Оның 8-де уақытынан бұрын жеңіске жеткен. Батыр жекпе-жектерінің барлығын Канадада өткізіп келеді.

Айта кетейік, осыған дейін дәл осы бокс кешінің бірінші жекпе-жегінде отандасымыз Абылайхан Хұсайынов мексикалық боксшы Кристиан Арразоланы екінші раундта нокаутпен ұтқан болатын.

Жарнама

Живи спортом!