auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Бұл жарымес боксты қашып жүруден ажырата алмайды". Альварес Головкиннің бапкерін мазақ етті

"Бұл жарымес боксты қашып жүруден ажырата алмайды". Альварес Головкиннің бапкерін мазақ етті
Сауль "Канело" Альварес. © reviewjournal.com
Екі салмақ дәрежесінде бұрынғы әлем чемпионы Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (38-0-1, 34 КО) бапкері Абель Санчесті дөрекі түрде мазақ етті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Альварес Санчестің өзі туралы айтқандарымен мүлдем келіспейді. GGG бапкері өткен жылы 15 қыркүйектегі жекпе-жекте мексикалық боксшының 12 раунд бойы Головкиннің қашып жүргені туралы айтқан болатын.

"Санчестің сөздері үшін еш алаңдамаймын, себебі ол өзін мықты бапкер санайды, бірақ шын мәнінде оның бокс туралы еш хабары жоқ. Ол техника, жағдайға бейімделу, қозғалыстарды үйрету дегеннің не екені білмейді. Оның ойынша бокс деген тек алға жүріп, шабуыл жасау. Менің шаршы алаңда істеп жүргенім, нағыз бокс. Өзін мықты бапкер санайтын адамның қашып жүрудің айырмашылығын ажырата алмайтыны ерсі көрінеді.

Есек құсап алға жүре беру, екіншісі соққыдан қашу, жақындасу немесе бұрышта тұру - қарсыластың соққыларынан сытылып кету. Санчес үйіне барып, осындай пікірлері үшін қандай жарымес болғанын аңғаратын шығар. Бірінші жекпе-жектен екіншісінде жеңетінім туралы сенім берді. Барлығы дұрыс болса, мерзімінен бұрын жеңемін", - деді Альварес BoxingScene.com порталына берген сұхбатында.

Осыған дейін мексикалық боксшының бапкері Эдди Рейносо өз әріптесінің кәсібилігіне күмән келтірді. Оның айтуынша, Санчес жаттықтыратын боксшылардың барлығының стилі онша еместігін, ал Головкинде мүлде стиль жоқ деп пікірі білдірген еді.

Айта кетейік, Қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама