Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының президенті коронавирус жұқтырды

Сурет: WBA
Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) президенті Жилберто Мендоса кіші коронавирус инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы WBA сайтында хабарлады.

Ол өзін жақсы сезініп, бірнеше күннен кейін жұмысқа оралады. Дәрігерлер венесуэлалыққа оқшаулануды сақтап, тез қалпына келу үшін барлық нұсқауларды орындауға кеңес берді.

Мендоса WBA-ны 2015 жылдан басқарып келеді.
Метки:
Жаңалықтар