Профи-бокс
1 қыркүйек 2020 18:12
 
"Бүкіл әлем қорқатын болады". Джошуа келесі кездесуін 22 жастағы отандасымен өткізуі мүмкін

  Пікірлер

blog.share

"Бүкіл әлем қорқатын болады". Джошуа келесі кездесуін 22 жастағы отандасымен өткізуі мүмкін Даниэль Дюбуа. Сурет: talksport

Кәсіпқой бокста аса ауыр салмақтағы таланты боксшылардың бірі британдық Даниэль Дюбуа нидерландылық Рикардо Снайдерсті жеңгеннен кейін осы салмақтың үздіктерінің бірі Энтони Джошуамен кездесуге мүмкіндік алды. 

Дюбуаның промоутері Фрэнк Уорреннің айтуынша, бұл кездесуді биыл ұйымдастыруға болады екен. 

"Даниель секілді талантты боксшың болса, чемпиондыққа тез жетуге болады. Жуырда ол барлық рейтингтік көшін бастайды. Барлық боксшы одан қорқатын болады. Энтони Джошуамен жекпе-жек? Мәселе емес. Олар бұған дейін спарринг өткізген. Барлығы біздің қолымызда. Бұл кездесуді қаласам ертең ұйымдастыра аламын", - деді промоутер. 

Айта кетейік, Дюбуа мен Снайдерс арасындағы кездесу Лондондағы бокс кешінің басты айқасы болды. Британдық боксшы бірінші раундтың өзінде-ақ қарсыласы үш рет нокдаунға жіберді. Ал екінші раундтың он секунды өткенде Снайдерс нокаутқа түсті. 

Жарнама

Живи спортом!