Брукті құлата алмаған Головкиннің бізге де әлі келмейді - Джейкобстың бапкері
WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобстың (32-1, 29 КО) бапкері Андре Розье WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинді америкалық боксшыны құлата алмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Дэнни осы кездесуге дайын болады. Онымен өткен кездесулерде үш адам ғана нокаутқа түскен жоқ. Дэнни тез қозғалады. Барлығы жекпе-жекпе басталмай-ақ аяқталуы мүмкін. Дэнни қазір мықты, алты жыл бұрынғыдай емес. Дэннидің Пирогпен жекпе-жегін айтататын болсақ, Дэнни барлық раундта жеңіске жеткен болатын, бірақ 5-ші раундта оны нокаутқа түсірді", - дейді бапкер.
Андре Розьенің айтуынша, Головкин үнемі бір қимылды жасай береді. "Ол қысым жасайды, денеден ұрғанды жақсы көреді. Сондай-ақ, ол соққыларды өткізгенді жақсы көреді. Соққыны бірнеше рет өткізе берсең, сенің қорғанысың әлсірей бастайды", - деді Джейкобстың бапкері.
Сонымен қатар, бапкер Дэниэл Джейкобстың осы жекпе-жекте қателіктерін қайталамайтынын айтты.
Еске салайық, Головкин мен Джейкобс арасындағы жекпе-жек 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Қазақстанда жекпе-жек "Қазақстан" және KazSport арналарынан көрсетіледі.
Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/boxing/brukt-kulata-almagan-golovkinnn-bzge-de-al-kelmeyd-276525/
Материалды көшіріп басқанда Kaz.tengrinews.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Авторлық құқықты сақтаңыз.
Жарнама