auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Брук абыройы бар боксшы. Бұл кездесу Қанат Ислам үшін керек - Болат Манкенов

Брук абыройы бар боксшы. Бұл кездесу Қанат Ислам үшін керек - Болат Манкенов
©: The Mirror
Танымал қазақстандық промоутер Болат Манкенов Vesti.kz порталының тілшісіне қазақстандық боксшы Қанат Ислам 25-0, 20 КО) мен британдық Келл Брукк (36-2, 25 КО) арасындағы қаншалықты мүмкін екенін айтып берді. 

- Қалай ойлайсыз, Ислам мен Брук арасындағы кездесуді ұйымдастыру мүмкін бе?

- Бұл жерде барлығы промоутерлерге тікелей байланысты. Келіссөздерді жүргізетін менеджерлер бар. Көпшілік Қанат Исламның Брук секілді абырой бар боксшымен жұдырықтасқанын күтіп жүр. Ал Бруктің командасына Исламмен жекпе-жек өткізу қажет пе? Міне, осы сауалдың басын ашып алу керек. 

Қазір кәсіпқой бокстағы жағдай керемет емес. Сондықтан Қанат Исламның командасы мүмкіндігінше мықты боксшыны таңдап алу керек. Қанаттың мықты боксшы екенін білеміз. Осындай мықты боксшыға ие бола отырып, оның промоутері тек мықты боксшыларды таңдау керек. Егер Брукпен келіссе, бұл Қанат үшін жақсы. Өздеріңізде білесіздер, қазір оның жасы келіп жатыр. Бірақ Қанаттың дәл осылай мықты боксшылармен шықауына оның еш кінәсі жоқ. Барлығын промоутер мен команда жасауы керек

- Көпшілік қазір Қанат Исламға Брукпен жекпе-жектің қажеті жоқ деп жатыр. Өйткені, британдық боксшы бұрынғыдай танымал емес ... Сіз қалай ойлайсыз?

- Мен мұнымен келіспеймін. Брук әлі де мықты боксшылардың қатарында. Ол мықты боксшылардың көбісімен кездескен. Оның ішінде Головкин де бар. Дәл қазір оның қандай бабында екенін біз білмейміз. Дегенмен де оның атағы бар. 

- Егер жекпе-жек туралы екі команда келісімге келсе, кездесу Англия жерінде өтеді. Қанат Исламға Аглияда жұдырықтасу тиімді ме?

- Қайда болса да Қанатқа жұдықтасу керек. Ислам әлдеқашан мықты боксшылармен жұдырықтасуы кере кеді. "Канело" немесе Пакьяо деп қолды айға созудың қажеті жоқ. Жерге түсіңіздер. Үздік ондықтың қатарына кіретін боксшылармен келісіңіздер. Үздік ондықтағы боксшылардың көбісінде атақты. Мен Брукты керемет деп айта алмаймын. Бірақ ол Исламның бұған дейінгі қарсыластарынан әлдеқайда мықты. Енді тек үздіктермен ғана келіссөз жүргізу керек. Сол кезде ғана нәтиже болады. 

Еске салайық, 2016 жылдың қыркүйек айында Брук орта салмақтағы WBA (Super), WBC, IBF және IBO белбеулерінің иерегрі қазақстандық Геннадий Головкинмен кездескен. Ол жекпе-жек Лондон қаласында өтіп, GGG бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Осы кездесуде Брук көзін жарақаттап алған еді.

Ал өзінің соңғы кездесуін Брук америкалық Эррол Спенске (27 мамыр) қарсы өткізіп, 11 раундта нокаутпен жеңіліс тапты. Бұл кездесуде британдық боксшы тағы да көзін жарақаттап алды. Осы кездесуден кейін Брук біржолата бокстан кетемін дегенді айтты. Бірақ кейін ол командасымен ақылдасып, карьерасын жалғастыратын болды. Енді оның келесі кездесуі 2017 жылдың соңында өтуі мүмкін.

Айта кетейік, 33 жастағы Қанат Ислам қазіргі уақытта бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерінің иегері. Ол соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні Астанада өткізіп, канадалық Брэндон Куктан үстем түсті.




Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама