Профи-бокс
2 қазан 2017 09:58
 
Британиялық боксшы Жақиянов - Барнетт жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасқысы келеді

  Пікірлер

blog.share

Жеңіл салмақта IBF тұжырымы бойынша бұрынғы әлем чемпионы Пол Батлер қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов пен ирландиялық Райан Барнет жұбының жеңімпазымен жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

"Алда мені бірнеше үлкен жекпе-жектер күтіп тұр. Менімен өз еркімен жұдырықтасатын боксшы оңайлықпен табыла қоймас. Тек қомақты ақша үшін жекпе-жек өткізеді.  Джейми Макдоннелл жекпе-жек өткізу туралы өтініш білдірді. Егер жеңіске жетсем, алдымнан үлкен есіктер ашылады. Одан кейін Жақиянов - Барнетт жекпе-жегінің жеңімпазымен жұдырықтасамын", - деді Пол Батлер Daily Star басылымына берген сұхбатында.

Пол Батлер кәсіпқой бокста 26 жекпе-жек өткізіп, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан.

Жеңіл салмақта WBA (Super) белбеуінің иегері қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-1, 18 КО) осы салмақтағы IBF белбеуінің иегері Райан Барнетке қарсы жекпе-жекке дайындығын Англияның Манчестер қаласындағы Рикки Хаттонның жаттығу залында дайындалып жатыр. Бапкерінің көмекшісі қызметін Блейн Юнис атқарып жүр.

Қазақстандық боксшының қарсыласы 25 жастағы ирландиялық Райан Барнет кәсіпқой бокс шаршы алаңында 17 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Тіпті 9 рет қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал Жанат Жақиянов 28 кездесу өткізсе, оның тек біреуінде жеңіліс тапқан. Соңғы жекпе-жегін осы жылдың ақпан айында америкалық Роши Уорренге қарсы өткізіп, жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, жеңіл салмақта WBA (Super) тұжырымы бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов пен IBF тұжырымының чемпионы Райан Барнет арасындағы жекпе-жек 21 қазан күні Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласындағы SSE Arena спорт кешенінде өтеді.

Жарнама

Живи спортом!