auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Брэндон Кук: Қанат Исламның мықты боксшы екені еш дау туғызбайды. Десек те, мені де осал деп ойламаңыздар

Брэндон Кук: Қанат Исламның мықты боксшы екені еш дау туғызбайды. Десек те, мені де осал деп ойламаңыздар
9 қыркүйекте Астанадағы «Сарыарқа» спорт кешенінде кәсіпқой бокс кеші өтетіні белгілі. Халықаралық «ЭКСПО» көрмесі аясында ұйымдастырылатын осы жарыстың басты жекпе-жегінде ешкімнен жеңілмеген қос өрен ­– қазақстандық Қанат Ислам мен канадалық Брэндон Кук күш сынасады. 

Үйеңкі жапырақтар елінің өкілі өз командасымен бірге біздің елге келіп, жаттығып жатқанына бірер күннің жүзі болды. Күні кеше ғана сол боксшымен тілдесудің сәті түсті.

«Бұған дейінгі бәсекелерімнің барлығын мен өз Отанымда ғана өткізгенмін. Бұл мен үшін жырақтағы алғашқы сапарым. Алғашында «Қазақстан» дегенде, біраз қобалжығаным рас. Тым алыс жер, бөтен ел. Алайда Астанаға келгенде күдіктің бәрі сейілді. Бұл – ­өте тамаша әрі көрікті қала екен. Халықтың да пейілі жақсы. Көшеде мені таныған адамдар үнемі суретке түсіп, қолтаңба алуға ниет білдіруде. Ал жеке өз басыма ерекше әсер еткен нәрсе, қазақстандықтардың боксқа құштарлығы. Бұл елде спорттың осы түрін ерекше жақсы көріп, былғары қолғап шеберлерін айрықша қадірлейді екен. Осы жағы мені қуантты. Өзім де біраз жерді араладым. «Астана Аренаға» барып, Қазақстан мен Черногория арасындағы матчты тамашаладым, «ЭКСПО-ны» көрдім. Қазақтың қонақжай дастарханынан дәм таттым. Бәр сөзбен айтсам, бәрі де керемет, бәрі де тамаша. Ендігі мақсат ­– өз жанкүйерлерімнің көңілінен шығатындай өнер көрсету. Иә, Қанат Исламның мықты боксшы екені еш дау туғызбайды. Десек те, мені де осал деп ойламаңыздар. Әлемдік рейтингте жоғарлау үшін маған тек атағы алысқа жайылған саңлақтармен күш сынасу қажет. Қанат – сондай мықтылардың бірі», ­– дейді Брэндон Кук.

Еске сала кетейік, Ислам — Кук жекпе-жегі 9 қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтеді. Отандасымыз бірінші орта салмақтағы WBO NABO және WBA Inter-Continental белдіктерін қоғайды. Сондай-ақ осы жекпе-жектің андеркартында қазақстандық 8 боксшы шаршы алаңға шығады. Сондай-ақ ғаламторда Қанат Ислам  — Брэндон Кук айқасының жаңа промо-ролигі шықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар
2 сәуір, 16:02
Кәсіпқой бокс
©instagram.com/janibek_alimkhanuly Top Rank Жәнібекке үн қатты

Жарнама

Жарнама