"Бір ғана жолы бар". Маман Қанат Исламнан не күтетінін айтты

©Qazaq Promotions

Америкалық Delcotimes.com порталының тілшісі Джек МакКаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында орта салмақтағы қазақстандық боксшы Қанат Исламның (29-1, 22 KO)  аргентиналық Хавьер Масьельге (34-18, 23 КО) қарсы кездесу туралы ойымен бөлісті. Әңгіме барысында ол Исламнан не күтуге болатынын айтты. 

Ислам мен Масьель арасындағы жекпе-жек 7 қазан күні Плант-Сити (АҚШ) қаласында өтіп, сегіз раунд болды. Оның қорытындысы бойынша қазақстандық төреші жеңіске жетті. 

"Кездесудің нәтижесі әу баста белгілі болды. Исламның қарсыласы соңғы кездесулерінде жеңіліп жүр. Ал ақырғы айқасында, екі ай бұрынғы, нокаутқа түскен болатын. Бірақ Хавьерге құрмет көрсетейік. Ол кездесудің соңына дейін шыдады. Қазақстандық боксшы тың секілді көрінді. Жаңа бапкердің жұмысы да білінді. Дегенмен мен оның болашағынан көп дүние күтпеймін. Жасы кеп қалды ғой. Қазір тек бір жолды көріп тұрмын. Тез-тез кездесу өткізіп, рейтингте жоғарылап, міндетті қарсылас болу керек. Қанат бұрынғыға қарағанда қазір қауіпті емес. Сол үшін чемпиондар оны қарсылас етіп таңдауы мүмкін", - деді МакКаферри. 

Еске салайық, Ислам бұл кездесуге Роджер Романың қол астында дайындалған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар