Профи-бокс
15 желтоқсан 2021 16:25
 

BoxingScene Шарипованың мықтылығын жазып абсолют чемпионды сынады

  Пікірлер

blog.share

BoxingScene Шарипованың мықтылығын жазып абсолют чемпионды сынады ©instagram.com/sharipova_firuza

BoxingScene порталының редакторы Эллиот Фостер  жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлор (20-0, 6 КО) мен қазақстандық Фируза Шарипова (14-2, 8 КО) арасындағы кездесу туралы ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол ирландиялық боксшыны сынап тастады. 

blog.share

BoxingScene порталының редакторы Эллиот Фостер  жеңіл салмақта әлемнің абсолют чемпионы ирландиялық Кэти Тэйлор (20-0, 6 КО) мен қазақстандық Фируза Шарипова (14-2, 8 КО) арасындағы кездесу туралы ойын айтты. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол ирландиялық боксшыны сынап тастады. 

Аталған кездесу 11 желтоқсан күні Ливерпуль қаласында өтіп, он раудтың қорытындысы бойынша Тейлор чемпиондық атақтарын қорғап қалды. 

"Бұл Тейлордың кезекті чемпиондық атағын қорғаған жекпе-жек болды. Ол асықпай жұдырықтасып, артық күшін жұмсамады. Соққылары да қатты ауыр болмады. Дегенмен оның техникасы мен деңгейі жоғары екені көрініп тұрды. Ал оның қарсыласы көпшілікті таңғалдырды. Тәжірибесі аз болса да жеңіске деген жігерінің арқасында жақсы өнер көрсетті. Кейбір раундтарда тіпті ол жеңіске жетті. Алайда чемпионның жеңісі заңды. Бұл оның ең мықты жекпе-жегі емес. Бірақ ол сенімді жеңіске жетті. 

Шарипованың болашағы жақсы деп ойлаймын. Ол чемпионға қарсы толық он раунд жұдырықтасты. Фирузаның әлі уақыты бар. Тағы да чемпиондық кездесуге шығады деп сенемін", - деді Фостер. 

Айта кетейік, жекпе-жектен кейін Шарипова 100 мың доллар сыйақы алды. Бұл оның карьерасындағы ең үлкен гонарар. 

Еске салайық, Тейлор енді келесі жылы Пуэрто-Рика елінің өкілі Аманда Серраномен (41-1-1, 30 КО) кездесу өткізеді. Ал Шарипованың шаршы алаңға қашан оралатыны белгісіз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!