Ботсваналық боксшы жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты
kwese.espn.com
Ботсвана елінің кәсіпқой боксшысы Герберт Нкабити жекпе-жекте алған жарақатынан қаза тапты. Ауруханада бірнеше күн жатқан спортшыны дәрігерлер аман алып қала алмады.
Герберт Нкабити өткен жұмада Оңтүстік Африка Республикасының боксшысы Виллис Балойимен жұдырықтасқан болатын. Жекпе-жектің алтыншы раундында ауыр соққы алған боксшы нокаутқа түсіп, есін жия алмады. Артынша ауруханаға жеткізілгенмен, спортшы өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.
Ботсваналық боксшы 36 жасында көз жұмды. Кәсіпқой бокста 14 жекпе-жек өткізген. 10 кездесуінде жеңіске жетіп, 3-де ғана ұтылған. 1 жекпе-жегінде қарсыласымен тең түскен. Ол боксты соңғы жылдары боксты тастап, басқа іспен айналысқан. Кейіннен қайта оралған екен.

Жарнама