Профи-бокс
7 қараша 2022 17:58
 
"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады

  Пікірлер

blog.share

"Болашағынан айырды!". Маман Ербосынұлының ауыр халіне кінәліні атады ©ringside24.com

Delcotimes.com порталының тілшісі Джек МакКаферри Vesti.kz-ке берген сұқбатында қазақстандық Айдос Ербосынұлының (16-1, 11 КО) кубалық Давид Моррелден (8-0, 7 КО) жеңілісіне қатысты ой білдірді. Әңгіме барысында ол отандасымыздың осындай қиын халге түскеніне кім жауапты екенін айтты. 

Ербосынұлы мен Моррел арасындағы кездесу 6 қараша күні АҚШ жерінде өтті. Бұл кездесудің 12-раундында отандасымыз нокаутпен жеңілді. Кездесуден кейін оны Хеннепин аймағындағы Медициналық орталыққа алып кетіп, жасанды комаға жіберді. 

"Бұл әрине трагедия. Кездесудің бірінші минутынан-ақ Моррелдің мықты екені көрінді. Қазақстандықтың ерік-жігеріне таңғалдым. Қанша соққы жіберсе де, соңына дейін шыдады. Қателікті оның бапкерлері жасады. Біріншіден, олардың Давидқа қарсы құрған жоспары жұмыс істемеді. Екіншіден, айқастың алтыншы раундынан кейін кездесуді тоқтату керек еді. Бапкерлер боксшының жағдайын дұрыс бағалай алмады. Сол үшін Айдос зардап шегуде. 

Менің ойымша, бұл жағдайдан кейін жақсы емделіп шықса да, Айдосқа кездесу өткізбеу керек. Кейде жеңілісті мойындаған да дұрыс. Мықты болып қайта оралу үшін. Ербосынұлының бапкерлері боксшыны болашағынан айырды", - деді МакКаферри. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

Жарнама

Живи спортом!