Профи-бокс
14 ақпан 2018 12:05
 
Бокста қазір көп нәрсе шаршы алаңның сыртында шешіледі - Мәзімбаев Головкин мен "Канело" кездесуі туралы ойымен бөлісті

  Пікірлер

blog.share

Бокста қазір көп нәрсе шаршы алаңның сыртында шешіледі - Мәзімбаев Головкин мен "Канело" кездесуі туралы ойымен бөлісті Марат Мәзімбаев. Сурет: Ізтуған Алдауев

Бұрынғы кәсіпқой қазақстандық боксшы Марат Мәзімбаев (20-4-1, 14 КО) Vesti.kz порталының тілшісіне 5-мамыр күні өтетін Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) арасындағы кездесуге болжам жасады. 

- Марат, сіз Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуді көріп қайттыңыз. Ол кезде сіз отандасымыз жеңу керек деп қалған едіңіз ...

- Расында, мен Лас-Вегаста өткен Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесуді көріп қайттым. Спорт кешенінде болған керемет атмосфераға куә болғаныма қуаныштымын. Ол кездесуде Головкинді қолдаған жанкүйерлер көп болды. Шет елдік жанкүйерлер де Қазақстан туын жамылып, отандасымызды қолдады. 

Шынымды айтсам, мен өз еліммен мақтанамын. Елімізді бүкіл әлемге танытып жатқан Головкинге де. Қазір GGG-ді Қазақстаннан шыққан әлемдік бренд деп айтуға толық негіз бар. 

Әрине, ол кездесу Головкин жеңіске жетті. Қарсыласынан бірнеше раунд үстем түсті. Менің есебім бойынша, ол "Канелодан" екі раунд басымдылығымен үстем түсті. Біздің чемпион үшін жекпе-жек қиын болды. Екінші кездесуде Головкин бірінші кездесуде тең нәтиже - әділетсіз екенін дәлелдейді деп ойлаймын. 

- Тең нәтижені әділетті деп айтуға болады ма?

- Қазіргі уақытта орта салмақта бұл екі боксшыдан мықтылары жоқ. Бүгінде бокста көп нәрсе шаршы алаңның сыртында шешілетін болды. Мүмкін әу баста-ақ бірінші кездесу тең аяқталса, екінші кездесу ұйымдастыру туралы жоспар болған шығар. Енді екінші кездесуде қайсібірі жеңіске жетіп, үшінші кездесуді де көріп қалуымыз мүмкін. 

- Головкин мен "Канело" арасындағы екінші кездесуге дейін әлі біраз уақыт бар. Дегенмен де сіз қазір бұл кездесуге болжам жасай аласыз ба? 

- Екінші кездесу Головкин үшін қиын болады. "Канело" бірінші кездесуде 12 раунд жұдырықтасып, отандасымыздың мықты және әлсіз тұстарын зерттеп алды. Енді мексикалық боксшы бірінші кездесуде жіберген қателіктерін түзеп, екінші кездесуде шамалы белсенді жұдырықтасады. 

- Жекпе-жектің қайда өтетіні маңызды ма?

- Кездесудің АҚШ жерінде өтетіні анық. Мұндай Альварестің жанкүйерлері көп болатыны анық. Қазір кездесуді қабылдауға екі қаланың дайын екені жазылып жатыр. Оскар Де Ла Хойя үшін жекпе-жектің Лас-Вегаста өткені тиімді. 

Нью-Йоркта Головкиннің жанкүйерлері көбірек. Мексикалықтар Калифорния штатына жақын жерлерде көп. Сондытан жекпе-жектің қайда өтетіні боксшылар үшін маңызды болады. 

- Көптеген жанкүйерлер "Канелоның" командасын жекпе-жекті өзіне тиімді жерде ұйымдастырады деп айып жатыр. Сіз бұл туралы не айтасыз?

- Мұның барлығы Оскар Де Ла Хойяның тірлігі. Ол өзіне тиімді ұсынысқа қол жеткізу үшін келіссөзді керемет жүргізеді. "Канелоға" мүмкіндігінше ыңғайлы жер таңдауға тырысып жүр. Бұл негізі кәсіптің бір бөлігі. Бірақ қазір Де Ла Хойяда Головкиннен басқа қарсылас көп табыс түсірмейтінін біледі. Қарапайым тілмей айтқанда, Альварестің командасына Головкинмен жекпе-жек керек. Ал қазақстандық боксшыға "Канеломен" кездесу қажет. Сол үшін бір бітімге келіп, жекпе-жекті екі боксшы үшін де ыңғайлы жерде өткізеді деп сенемін 

- Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) бұл кездесудің жеңімпазымен кездесуге дайынмын деп жатыр. Бұл туралы өз пкіріңізді айта кетсеңіз ...

- Геннадий бұрыннан орта салмақтағы барлық белбеуді біріктіріп, абсолютті чемпион болғысы келеді. Егер Альваресті жеңетін болса, отандасымызға Сондерске  қарсы шығып, WBO белбеуіне таласып көруі керек. Ары қарай не боларын сосын көре жатармыз. 

Еске салайық, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу өткен жылдың 16-қыркүйегінде Лас-Вегастағы T-Mobile Arena спорт кешенінде болып, 12 раундтың қорытындысы бойынша, тең аяқталды. Осылайша отандасымыз өзіне тиесілі барлық белбеулерін қорғап қалды.

Жарнама

Живи спортом!