Бокс тарихындағы рекорд. Джошуа мен Фьюри жекпе-жек үшін қанша ақша алатыны анықталды

Сурет: sport.ua

ESPN арнасы аса ауыр салмақтағы WBA/WBO/IBF белбеулерінің чемпионы Энтони Джошуа мен осы салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри өзара кездесу үшін қанша сыйақы алатынын хабарлады. 

Айта кетейік, бұл кездесу 14 тамыз күні Сауд Арабиясында өтеді. 

ESPN ақпараты бойынша, бұл кездесудің ұйымдастырушылары 155 миллион доллар көлемінде сыйақы дайындап отыр. Джошуа мен Фьюри бірдей сыйақы, яғни 75 миллион доллардан алады. Ал қалған 5 миллион доллар андеркардта шығатын боксшыларға беріледі. 

Осылайша Сауд Арабиялық ұйымдастырушылар бокс тарихындағы ең көп сыйақы беретін болды. Еске салайық, бұған дейін 2019 жылы шейхтар Джошуаға Энди Руиспен өткен кездесуі үшін 60 миллион доллар көлемінде сыйақы берген еді. 

Метки:
Жаңалықтар